Жаңалықтар
«Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Онда ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат ұсынылған. Барлығы 1000-нан астам еңбек бар, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9-20-25»: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй үлестіруде басымдық жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Сақ стиліндегі жаңа банкноталар айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды. Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АЭС-тің тағдырын халықтың талқысы шешеді
Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елена Рыбакина алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Канкунде (Мексика) өтіп жатқан WTA финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық парк орман өрттеріне дайын емес - сенатор
Сенатор Сергей Ершов еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі орманшылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Марс пейзаждары» мәресіне жетті
National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының ұйымдастыруымен 7 қазанда Ақтаудан басталған «Марс пейзаждары» атты екінші экспедиция өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды
Бүгін Алматы әуежайында Азия ойындарынан жүлдемен оралған жеңімпаздарымызды олардың жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлы дала жорығы»: Жамбыл облысының командасы бәйгеден шығып қалды
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің тоғызыншы кезеңін қорытындылаған шабандоздар 850 шақырым жолды өндірді. Алда әлі 450 шақырым бар, деп хабарлайды Egemen.kz Joryq ат спорты федерациясына сілтеме жасап.