№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Орынбор қаласында билік халықты эвакуациялауға шақырды

09.04.2024

АСТАНА. KAZINFORM – Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 8:00-де 897 см-ге жетті. Су басу қаупі бар аймақта жүрген адамдардың барлығы дереу эвакуациялануға шақырылды. 

«Сағат 10:40-та Орынборда сирена дауысы естілді. Облыс орталығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қаладағы Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап, сағат 08:00-де 897 см-ді құрап отыр, су басу қаупі бар аймақта жүргендердің барлығы дереу эвакуациялануы тиіс», - делінген Орынбор мэриясы таратқан хабарламада.

Билік өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағында Жайық және Сакмара өзендері алқаптарында орналасқан саяжайлар бар: Куйбышев атындағы кент ауданында орналасқан бау-бақша серіктестігі, Протопоповская, Зауральная тоғайларында, Овчинная қалашығы, Дубки және Дубовый Плес, Сакмара өзені жанындағы бау-бақша серіктестіктері, сондай-ақ Форштадт аудандары, Кузнечный, Ситцовка, Пристанционный, Заречный, Подмаячный, Солнечный кенттері, Овчинный қалашығы және Куйбышев кенті.

Фото: Егор Алеев/ ТАСС